“ЕСЕНИННІҢ” ЕСКЕРТПЕСІ…

“ЕСЕНИННІҢ” ЕСКЕРТПЕСІ…

Тура осыдан 15 ай бұрын – өткен жылдың қыркүйек айының басында, тамыздың аяғын ала бере қазіргі Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса «ШҰҒЫЛ ТҰРАН ОДАҒЫ ҚҰРЫЛУЫ ТИІС» деген жазба жариялапты.

Аулақты қарап, алысты болжайтын Қазекең: «Тұран елдерінің тұтастығын ойласақ, шұ­ғыл Түркі елдері одағын құруымыз керек! Шығысымызда – Қытай, солтүстігімізде – Ресей мемлекеттерімен құдайы көрші болға­сын, олармен бірнеше экономикалық және ынты­мақтастық одақтарда мүше болып отырмыз. Алыстағы алпауыт АҚШ-пен де – сәлеміміз түзу. Бірақ, дүрбелеңі көп дүние – күнде дүрлігіп тұр...

Оңтүстік Азиядағы таяуда тәліптер билікке келген Ауғанстан да әлем назарын аударып, шекарасы жақын елдерді қатты алаңдатып тұр.

Біз Ресей бастаған ТМД-ның біраз елдерімен Еуразиялық Экономикалық одаққа ойланбай кіріп кеткенде, неге туыс елдердің одағын құруда ойлануымыз керек?

Енді түбі бірге Түркі елдері одағын құрсақ, іргемізді бекемдеп, шекарамызды шегелей түсуге берік негіз болар еді. Бұның соңы әскери одаққа ұласуы да заңды.

Екпіні қатты Ердоған ер бастаған ел басшыларының мойнында түгел түркі мемлекеттерінің Тәуелсіздік тағдыры, территориялық тұтастық қауіпсіздігі тұр!» – деп, ескерткен екен.

Құдайға шүкір, бүгінде түгел түркі баласы тегіс бас біріктіріп, тізе қосты. Халықаралық ұйым да дүниеге келді.

«Қазақтың Есенині» атанған «Қазыбектік көріп­келдігі ме» дерсің, бұл ұстанымды... Не десек те, періште – жеткерген, Құдай – ескерген баянды бастама болған...

Қажымұқан ҒАБДОЛЛА, 

Фейсбук парақшасынан