«Мәскеуде емессіңдер, ҚАЗАҚША ҮЙРЕНІҢДЕР»: қазақстандық орыс Ресейден кеп жатқандарға үндеу тастады

«Мәскеуде емессіңдер, ҚАЗАҚША ҮЙРЕНІҢДЕР»: қазақстандық орыс Ресейден кеп жатқандарға үндеу тастады

Қазнетте такси жүргізушісі жолаушыны қазақ тілін үйренуге шақырған видео танымал болуда, - деп хабарлайды Qazaquni.kz. Жүргізуші Мәскеуден келген адамға мұнда Қазақстанның мемлекеттік тілін білу керектігін айтты. 

«Сіз жерлік емес екеніңізді көріп тұрмын, солай ма? Мәскеуден келдіңіз бе? Жарайды, бірақ қазақша сөйлемейді екенсіз? Неліктен? Қазақстанға келдіңіз, сондықтан мұнда қазақ тілін үйрену керек. Қазақ тілі курстарына жазылдыңыз ба? О, дұрыс болған екен! Көлікке отырғанда: «Сәлеметсіз бе?» деп айтыңыз. «Қалай жағдай?!» десеңіз, тіпті қатып кетеді!» – деп жолаушысына үндеу тастады. 

Әлеуметтік желі қолданушылары такси жүргізушісінің сөзіне риза болды. Түсініктемелерде қазақстандықтар оны елдің нағыз патриоты деп атады.