"ӘЛЕУМЕТ - ҚОҒАМ АЙНАСЫ"

"ӘЛЕУМЕТ - ҚОҒАМ АЙНАСЫ"

Түркітілдес журналистер қоры ТҮРКІТІЛДЕС ЖУРНАЛИСТЕР ҚОРЫ / TÜRK DİLİ KONUŞAN GAZETECILER VAKFI 28 шілде күні “Шеврон” компаниясының әлеуметтік жобалар бойынша серіктестерімен кездесу өткізеді. Басты мақсат - әлеуметтік саланы дамытуға үлес қосып жүрген жобаларды елге насихаттау және “Әлеумет - Қоғам айнасы” тақырыбында БАҚ өкілдері арасында өтетін шығармашылық байқау туралы кеңінен мәлімет беру. Аталған Байқауға Қазақстанның барлық қала, облыс, аудан, ауылдарынан журналистер қатыса алады. Жеңімпаздарға ноутбук, планшет, ұялы телефон, диктофон т.б бағалы сыйлықтар тапсырылады. Марапаттау салтанаты 2022 жылдың қыркүйегінде Алматы қаласында өтеді. Байқау ережесі Түркітілдес журналистер қорының ресми сайтында (www.ttjk .kz) жарияланады.

qazaquni.kz