Ақтөбе облысында табиғатқа жарты миллион теңгеден астам залал келтірген екі азаматқа қылмыстық іс қозғалды

Ақтөбе облысында табиғатқа жарты миллион теңгеден астам залал келтірген екі азаматқа қылмыстық іс қозғалды

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында балық аулауға тыйым салынған кезеңде су маржандарын аулаған екі тұрғын ұсталды. Оларды балық қорғау инспекторлары "Уылдырық шашу-2022" балық қорғау акциясы шеңберінде құзырлы органдармен бірлескен іс-шаралар өткізу барысында анықтады. 

Заңды белшесінен басқандардан жалпы салмағы 44 келі болатын балық (сазан, шортан, алабұға), 10 дана моножіпті полиамидті ау және 1 дана үрлемелі резеңке қайық тәркіленді.

Осылайша табиғатқа 519 846 тенге көлемінде залал келтірді. Айта кетейік, Ақтөбе облысының Ырғыз ауданындағы Торғай өзенінің учаскесінде балықтардың уылдырық шашуына байланысты балық аулауға тыйым салу кезеңінде. 

Сондай-ақ, ерекше қоғалатын табиғи аумаққа жатады. Қазір аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай тізіліміне (СДТБТ) тіркелді. Ырғыз аудандық полиция бөлімі ҚР ҚК 335-бабының 3-бөлімі 6-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.