Тоқаев халқымыздың тарихындағы бетбұрыс кезеңі туралы айтты

Тоқаев халқымыздың тарихындағы бетбұрыс кезеңі туралы айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдауы кезінде елімізде шетелдік инвесторлар мен сауда жөніндегі серіктестердің Қазақстан экономикасына деген сенімін нығайтуға баса мән берілетініне тоқталды, деп хабарлайды Қазақ үні.

«Біздің Үкімет ұлттық экономиканың ашықтығына, келісімшарттарға қол сұғылмауына және жемқорлықпен аяусыз күреске бейілділігін сақтайды. Бұл реформалар халқымыздың тарихындағы бетбұрыс кезеңді білдіреді. Біз тұралап қалу емес, қарқынды даму жолын таңдаймыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.