ЖАЗЫҚСЫЗ ЖАНДАР ЖАЗАҒА ІЛІНІП КЕТПЕУІ ТИІС - Қазыбек Иса

ЖАЗЫҚСЫЗ ЖАНДАР ЖАЗАҒА ІЛІНІП КЕТПЕУІ ТИІС - Қазыбек Иса

Мәжіліс депутаты, белгілі ақын Қазыбек Иса бейбіт шеруге шыққан жазықсыз жандардың жазаланбауы керектігін талап етті. 

Бұл туралы ол «Қазақ үні» ақпарат агенттігінде кеше, яғни, 9 қаңтарда жарияланған «ХАЛЫҚТЫҢ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕЙ АЛАТЫН ХАЛЫҚТЫҚ ҮКІМЕТ КЕРЕК» атты мақаласында айтты. 

- “Медальдың екі жағы бар” дегендей, жазалау “шаш ал десе, бас алуға” жалғасып, енді жазықсыз жандар, олардың көбісі жастар жазаға ілініп кетпеуі тиіс! Бізде сан қуалап, жоспар орындау деген келеңсіздіктер бұрын да болған, - деп жазды Қазыбек Иса. 

Депутат, сонымен қатар, ел қамы үшін ереуілге шыққандар мен Мемлекетке қарсы лаңкестікті, халыққа қарсы қарақшылықтың басын айырып алу керектігін жазды. 

- Ел қамы үшін ереуілге шыққандар елге қарсы соғыспайды, ешкімді өлтірмейді, ауруханаға, жедел жәрдемге, әкімшілік орындарға, полицияға, құзырлы орындарға, банкіге, дүкендерге, мәдени орындарға, халықтың мүлкіне, көлігіне шабуыл жасап, өртеп жібермейді! Телеарналарға шабуыл жасап, ел тарихының алтын қорын өртеп жібермейді. Дәрігерлерді, науқастарды, Жедел жәрдемді, Қызыл крест, Жарты ай қызметкерлерін қандай соғыс кезінде де ешкім ұрып-соғып, тонамайды! - деді Қазыбек Иса. 

Qazaquni.kz