Қостанайды қара түтін басуының себебі анықталды
2021 ж. 07 шілде
1685
0
Кеше кешке Қостанайды қара түтін басты. Қостанай облыстық ТЖД мұның себебін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ресей ТЖМ Қорған облысы бойынша Бас Басқармасының мәліметінше, кеше осы өңірдегі Новотроицкий елді мекені аумағында орман және құрғақ шөп өртенген.
«Жел бағытының өзгеруінен қою түтін шекаралас жатқан Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстарына, одан кейін Қостанай қаласына тараған», - деп түсіндіріп өтті ведомстводан.
Қостанайдың өзінде және қала төңірегіндегі жағдай тұрақты, өрт оқиғалары жоқ. Бұған дейін Арқалық маңында дала өрті бір тәулікке жуық уақыт сөндіргені хабарланған болатын.