Қандастар «Ақ жол» депутаттарына алғыс айтуда

Қандастар «Ақ жол» депутаттарына алғыс айтуда

Қандастар ҚР Білім және ғылым министрлігіне және Парламентте шетелдегі қандас жастардың емтиханды онлайн тапсыруы мәселесін көтерген «Ақ жол» фракциясына алғыс айтты.

Бұл туралы Қанат Қақар есімді қандасымыз әлеуметтік желіде жазды.

- ҚР Білім және Ғылым министрлігіне, Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса ағайға мың алғыс! Ұлты қазақ шетелдік азаматтар емтиханға онлайн қатысу мүмкіндігін алды,- деп жазды ол.

Еске сала кетейік, Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовке "Ақ жол" фракциясы атынан депутаттық сауал жолдап, қандас жастардың білім алу мәселесіне қатысты өзекті тақырыптарды көтерген еді.

Атап өту керек, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі шетелдік азаматтарды, соның ішінде, бакалавриат, магистратура және докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша еліміздің жоғары оқу орындарында оқуға Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын қазақтарды оқуға шақырған болатын.

Бөлінген гранттар саны:

- Бакалавриат - 490

- Магистратура - 50

- PhD докторантура - 10

Үміткерлер құжаттарды онлайн режимінде 2021 жылғы 7 маусымнан 20 шілдеге дейін тапсыра алады.

Қосымша ақпарат Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының сайтында орналасқан.

 Барлық сұрақтар бойынша хабарласыңыз:

 Тел.: +7 (7172) 28 75 26