Қазыбек Иса. МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ТУРАЛЫ ЗАҢ ҚАБЫЛДАУЫМЫЗ КЕРЕК! (видео)

Қазыбек Иса. МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ТУРАЛЫ ЗАҢ ҚАБЫЛДАУЫМЫЗ КЕРЕК!  (видео)

Ал оған мемлекеттік тілді білмейтін мемлекеттік қызметтегі шешуші орындарда отырған шенеуніктер кедергі болуда… 


Белгілі ақын, Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса Мемлекеттік тіл туралы заңды қабылдауға шенеуніктер кедергі келтіріп жатқанын ашық айтты. 

Бұл туралы "Қазақ үні" ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Абай" арнасына сұхбат берген қоғам қайраткері руханият, әдебиет, депутаттық қызметі туралы, сонымен қатар, "Ақ жол" партиясының бағыты мен ұстанымдары, Мемлекеттік тіл мәселесі секілді көптеген келелі сұрақтарға жауап берді.

Депутат сұхбат барысында Мемлекеттік тілге кімдер кедергі болып жатқанын да атап өтті.

Атап өту керек, сұхбатты ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, белгілі әнші-сазгер Елена Әбдіхалықова жүргізді.