ҚАЖЫМҰҚАННЫҢ ІЗБАСАРЫ ТЕМІР ПАЛУАН ТҮЙЕ КӨТЕРДІ (видео)

Бүгін Шымкентте күш атасы Қажымұқанның 150 жылдық мерейтойы басталады. Осы мерекелік салтанатта жер жүзінде ешкім жеңе алмаған әлем чемпионы Қажымұқанның жаңа ізбасары, темірден түйін түйетін Темір Сыпатай палуан түйе көтерді! Түйе көтерер сәттен 10 минуттай бұрын маған телефон соғып, бата сұрады: Қайратыңмен ашқын бүгін жол басын, Қажымұқан атаң қолдасын! Ұлт мүддесі жолында, Қазағыңды қорға шын! Алла дәйім жар болсын! Көтергенің нар болсын! Әумин!- деп Ақ батамды бердім. Алла жар болып, Жұлдызың жарқырай берсін Темір бауырым! Қазыбек Иса,  Қазақ үні