Британдық бойжеткен Атлант мұхитын қайықпен кесіп өтті
2021 ж. 22 ақпан
1656
0
21 жастағы Жасмин Харрисон жалғыз өзі Атлант мұхитын қайықпен кесіп өтті, деп жазды «Хабар 24».
Осылайша, жас мұғалім рекорд орнатып, мұхитта жүзген ең жас әйел атанды. Хариссон қауіп-қатерге толы саяхатын былтыр желтоқсан айында Канар аралдарынан бастаған. Содан ұзақтығы 5 мың шақырым қашықтытықты 70 күн 3 сағат 48 минутта жүзіп өтті. Бойжеткен сапар барысында ең көп қалағаны жақсылап тамақтану болғанын айтады.
Сондай-ақ бір уақыт әлеуметтік желілер мен даңғаза жаңалықтардан арылып, керемет әсер алдым, - дейді ол.