АБЗАЛ БАУЫРЫМЫЗ, АНАҢНЫҢ АРТЫ ҚАЙЫРЛЫ БОЛСЫН!

Белгілі заңгер, адвокат Абзал Құспанның анасы дүниеден озыпты деген суық хабар есіттік... Абзал бауырымыз, аяулы ананың қазасы -ең ауыр қаза! Алла ісіне амал жоқ! Берік бола біл! Алла алдынан жарылқасын! Алашқа болсын деп, арпалысып жүретін Абзал бауырымыз, қайғыңды барлық қазақ бөлісіп жатыр. Өзіңдей әділдік туын көтерген, әлсіздерге қол ұшын созып, қамқорлық жасап жүретін, ұлттық мүддені қорғай білетін қайсар қазақ, рухы биік азаматты өсірген анаңыздың арты қайырлы болсын! Ардақты анаңызды Алла өзі панасына алсын! Алды пейіш, арты кеніш болғай! Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын! Дін мұсылманның ең қасиетті мейрамы Құрбан Айттың алғашқы күні - киелі жұма күні қайтыс болған мұсылмандардың жайы жәннаттан болады дейді, пейіште нұры шалқи бергей. Құдай өздеріңе, ұрпақтарына ұзақ ғұмыр берсін. Иманы саламат болсын! Алла Алашқа жар болсын! Ислам Әбіш, Серік Түкиев, Қазыбек Иса