Баспана алуға көмектесті
2020 ж. 10 шілде
1025
0
Батыс Қазақстан облысына қарасты Қазталов ауданы Жалпақтал ауылында тұратын Гүлшат Нұғмановаға аудандық газеттің бастамасымен баспана алынып берілді.
Еліміздегі барлық аймақтардағыдай баспана мәселесі экономикасы біршама жақсы дамыған Батыс өңірінде де толық шешімін тапқан жоқ. Жұмыс іздеп жұрт қалаға ағылғанмен ауылда да тіршілік тоқтаған жоқ. Ауыл шаруашылығмен тікелей айналысатын тұрғындардың біраз бөлігі әлі де баспанаға зәру.
«Жайық Пресс» ЖШС Қазталов аудандық «Ауыл айнасы» газетінің директор-редакторы Қайрат Жақыптың айтуынша, бұған газет тілшісі Жұлдыз Асқардың сіңірген еңбегі мол. Бұдан бұрын да қайырымдылық шараларын ұйымдастырып жүрген Жұлдыз биылғы қыста қабырғасы құлаған қуықтай ескі үйді паналап отырған жалғызбасты ананың жай-күйімен танысып, оны газет бетіне жазған болатын. Журналист сауалына құлақ асқан жергілікті атқамінерлер жалғызбасты анаға баспана беріп қуантты.
qazaquni.kz