ҰБТ нәтижесі жарияланды
2020 ж. 05 шілде
2128
0
ҚР Білім және ғылым министрлігі 2020 жылғы кезекті Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысын жариялады.
Кезекті ҰБТ еліміз бойынша 21 маусым мен 1 шілде аралығында өткізілді. Оған рекордтық көлемде – 131 754 өтініш тіркелсе, оның 111 113-і, яғни 82 пайызы – биылғы мектеп түлектері. Өткен жылы бұл көрсеткіш 12% төмен болған. Тестілеудің әділ өту барысын қадағалау мақсатында қалалар мен өңірлерге министрліктен 1 983 өкіл жіберілді. ҰБТ барысын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік, Үкіметтік емес ұйым, БАҚ, «Адалдық алаңы» жобалық кеңселерінің өкілдері мен қоғам белсенділері бар Арнайы мониторингтік топ (510 адам) бақылады. ҰБТ қорытындысы бойынша, тестілеуге тіркелген азаматтардың 92,1% тестілеуге қатысты, 2019 жылы бұл көрсеткіш 94% құраған болатын. Шекті балды 82 154 талапкер жинады, бұл өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда бір деңгейде қалып отыр. Жалпы республика бойынша орташа көрсеткіш 64,06 балды құрады, мұнда 2019 жылғы орташа көрсеткішпен салыстырғанда айтарлықтай айырмашылық жоқ. Еске сала кетейік, келесі ҰБТ тамыз айында өтеді, онда талапкер шектік балл жинаса, ЖОО-ның ақылы бөліміне оқуға түсе алады. Сонымен бірге, ЖОО ақылы бөліміне түсу үшін қаңтар айындағы ҰБТ сертификаттары да жарамды болып қала береді.
qazaquni.kz