АҚПАРАТ МИНИСТРІ ЖУРНАЛИСТЕРМЕН КЕЗДЕСУДІ АЛМАТЫДАН БАСТАДЫ
2020 ж. 16 мамыр
1665
0
Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалған Аида Балаева Алматыда газет және сайт басшыларымен кездесті.
Ең алдымен өткенде еліміз дегі БАҚ басшылары ҚР Президенті Қ.Тоқаевқа жазған «Қазақ баспасөзінің басына зор қауіп төніп тұр» атты Ашық хаттағы көтерілген өзекті мәселелер айтылды. Ең бастысы Қазақ басылымдарының жазылымы мәселесінің бүгінгідей интернет заманында қиын жағдайда қалып отырғандығы, мемлекет идеологиясын жүргізіп отырған қазақ басылымдарына үкімет те қолдау көрсетпесе болмайды. Идеологиядағы Телеарнаның рөлі туралы «Қазақ үні» порталында жарияланған белгілі кино және театр тарланы Талғат Теменовтың Ақпарат министрі Аида Балаеваға жазған хатындағы өткір мәселелер де сөз болды. Белгілі ақын Қазыбек Иса Ұлттық Кеңестің алғашқы оты рысында Ұлттық идеология мәселелерін көтергенде ұсын ған шетел үздік балалар арналарындағы мультфильмдерді қазақшаға аударып, «Балапан» арнасынан көрсету мәселесін сөз етті. Өйткені орыс балабақшаларына бармайтын қазақ балаларының өзі осы телеарналар арқылы орысша араластырып сөйлеуге ойысып барады.
Ұлттық ақпараттық қауіпсіздік, Ресей басылымдарының қауіпті деңгейдегі басымдығы, Қазақ қаржысын молынан алып отырған орыстілді БАҚтардың Ұлттық мүддемізге қарсы саясаты туралы, ал қазақ басылымдарын сататын дүңгіршектер жүйесінің жоқтығын айтты. Сонымен бірге қазақтың ұлттық санасының өскені, билік орындарындағы қарсылықтарға қарамастан Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдауды талап еткен Ұлт зиялыларының «Қазақ үні» сайтындағы Ашық хатына екі аптада 100 мыңнан аса қол қойылып, қазір 116 мыңнан асып кеткені, 800 мыңға жуық оқырман оқығанына шешім қабылдайтын тиісті орындар баса назар аудару керектігін атап өтті. «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторы, жазушы Дәурен Қуат та орыстілді БАҚ мәселесін дұрыс көтеріп, оларға еліміздің ұлт тық мүддесі, тарихы мен мәдениетін насихаттайтын тақы рыптар беру керектігін ұсынды. Аида Ғалымқызы барлық БАҚ басшылары сөздері мен көтерген мәселелерін жазып алып, назарға алатынын айтты. Сонымен бірге мемлекеттік тапсырыстың халыққа жетуі мәселесін атап көрсетті. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева бұл күні тағы бірқатар ұжымдарда маңызды кездесулер өткізді.
qazaquni.kz