Әр Қазақстан азаматы қазақ тілін білуге міндетті - Александр Филатов
2020 ж. 29 сәуір
3095
0
Әр Қазақстан азаматы қазақ тілін білуге міндетті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған күзет қызметі маманы Александр Филатов айтты, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі.
- Мен өзім 2005 жылы елордаға көшіп келгем. Басында барлығы "Сен неге орысша сөйлемейсің?" деп таң қалатын. Маған орысшадан қазақ тілі оңай боп кеткен. Таза қазақ сезінемін өзімді. Сондықтан, әрбір Қазақстан азаматы қазақ тілін білуі міндетті деп есептеймін, - деді ол өз сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай өткен жиын барысында.
Атап өту керек, осыған дейін "Қазақ үні" ақпарат агенттігі "КОНСТИТУЦИЯДАН 7-баптың 2-тармағын АЛЫП ТАСТАП, МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ТУРАЛЫ ЗАҢ ҚАБЫЛДАУ КЕРЕК!" атты Ашық хатын жариялаған болатын. Аталмыш хатты 800 000 мыңғы жуық адам оқып, 100 мыңнан астам адам қолдап қол қойып үлгерді.
Еске сала кетейік, Қазақстанда 1-мамыр халықтар достығы күні деп бекітілген болатын.