Астаналықтарға қарды уақытылы күремегені үшін 6 миллион теңге айыппұл салынды

Нұр-Сұлтанда қарды уақытылы тазаламағаны үшін 200-ден астам астаналық жауапқа тартылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2020 жылдың басынан бері қарды уақытылы тазаламағаны үшін 200-ден астам құқық бұзушы 6 миллион теңгеден (шамамен 15,7 мың доллар) астам сомаға жауапқа тартылды.

Қызмет көрсетілетін үйлердің іргелес және бекітілген аумағын уақытылы және дұрыс тазартпағаны үшін 40-тан астам қызмет көрсетуші ұйым  (ПИК, ЖШС) және 30-дан астам мердігер ұйым шамамен 3 миллион 900 мың теңгеге жуық сомаға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қарды рұқсат етілмеген жерлерге түсірген 40-қа жуық жүк көлігінің жүргізушісіне миллион теңгеден астам айыппұл салынды.