"Древний Рим" мейрамханасындағы кісі өлімі: прокурор күдіктіні 20 жылға соттауды сұрады

Қарағанды қаласының тергеу изоляторында жаңа жыл түнінде "Көне Рим" мейрамханасында қаза тапқан 23 жастағы азаматтың өліміне қатысты пікірталас өтті. Прокурор басты күдіктіні 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өз сөзінде мемлекеттік айыптаушы соттан 12 күдіктінің әрқайсысына ҚР ҚК 293 бабының ("Қару-жарақ қолданып бұзақылық жасау")  2 және 3 бөлігі  бойынша алты жылдан беріп, қауіпсіздігі орташа колонияға қамауды сұрады. Он үшінші күдікті Юсиф Нурулды ол 20 жылға бас бостандығынан айыруды өтінді. Прокуродың сөзінше, ол жазасын қауіпсіздігі жоғары колонияда өтеуі тиіс.

"Күдікті Юсиф Нурулді кісі өліміне кінәлі деп тауып, 20 жыл көлемінде бостандықтан айырып, қауіпсіздігі жоғары деңгейдегі мекемеге жабуыңызды сұраймын", — деді прокурор.

Сотталушы адамдардың арасында өз кінәсін мойындамағандар бар. Басты күдікті кісі өліміне қатысы бар екенін әлі де жоққа шығаруда. Он төртінші күдікті — Ресейде ұсталған Армения азаматы Нарек Гурурян. Оған қатысты іс бөлек өндіріске жіберілді.

Қаза тапқан жігіттің жақындары да бірнеше дүниеге күдіктенеді. Марқұмның достары оны неге ауруханаға алып бармай, өлімге қиып тастап кеткенін туысқандары түсінер емес.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың 1 қаңтарында түнде бір топ жастар жаңа жылдық мейрамды қаладағы мейрамханалардың бірінде атап өткен кезде қанды оқиға орын алды. Төбелес салдарынан мейрамхана маңында 23 жастағы жігіт көз жұмды.