Талғат Теменов: Иманғали Тасмағамбетов менің көлігімді жүргізетін

Талғат Теменов шенеуніктермен достығы, министрлерге деген көзқарасы қандай екенін айтты. Бойында бірнеше комплекс барын да жасырмады.

Бұл туралы TalkLike бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Режиссер шенеуніктермен достығы жайлы айтып әңгімесін бастады.

Иманғали Тасмағамбетов, Қырымбек Көшербаев, Төлеген Мұхамеджанов сынды танымал тұлғалармен 35 жылдан бері жолдас болып араласатынын айтты.

Ол кезде ешкімде кресло, атақ болған жоқ. Керісінше олардың ішінде менде ғана көлік болатын. Бәріміз сонымен жүретінбіз. Кейде Иманғали менің көлігімді жүргізетін. Дастарханымыз, үйіміз, көңіліміз ортақ болды. Ал, кейін басшылық қызметке келуіме олардың ықпалы болған жоқ", - деді Теменов.

Режиссер бұрынғы министр Арыстанбек Мұхамедиұлының атқарған еңбегі орасан екенін атап өтті. Бүгінгі мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловадан үлкен үміт күтетінін жеткізді.

"Мектепте оқығанда ата-анама сөз келмесе дейтінмін. Кейін Мәскеуде оқығанда қазаққа сөз келмесін деп жүрдім. Мен ондай комплекстер көп. Таңертең тұрғанда айнаға қарамайтын адаммын, қарасам жылағым келеді", - дейді режиссер.