Сізге қазақ тілінде қызмет көрсетпесе не істеу керек?

Сізге қазақ тілінде қызмет көрсетпесе не істеу керек?

Тілдік дискриминация жағдайында сіз бейне түсірілім жасағаның жөн, содан кейін Тілдерді дамыту басқармасына (немесе Комитетіне), Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасына, тиісті министрлікке, ҚР Сауда және интеграция министрлігің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетіне, әкімшіліктің Ішкі саясат бөліміне шағым жіберуіңіз керек, қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарына, қажет болған жағдайда, сол жерде полиция шақыру қажет, Ішкі Істер Басқармасына, Департаментіне, Прокуратураға шағымдану керек. Менің эл. адресіме смайлик жіберіңізші, сізге арыздардың үлгілерін жіберейін.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV Заңы.

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z100000274_

24-бап. Сатушының (дайындаушының, орындаушының) міндеттері

Сатушы (дайындаушы, орындаушы):

1 бап: «тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы қазақ және орыс тілдерінде ақпарат беруге міндетті.»

12 бап: « Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) фото-, бейнетүсірілімді қолдануға қатысты тұтынушылардың құқықтарын шектеуге тыйым салынады.»

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ.

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000235

75-бап. Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық

1. Лауазымды адамның тiл бiлмеуін уәж етіп жеке және заңды тұлғалардың құжаттарын, өтініштерін қабылдаудан бас тартуы, сондай-ақ оларды мәнi бойынша қарамауы – ескерту жасауға немесе он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Деректемелер мен көрнекi ақпаратты орналастыру жөнiндегi талаптарды бұзу –ескерту жасауға әкеп соғады.

4. Осы баптың үшінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Жеке тұлғалардың тiл таңдау құқықтарын шектеу, тiлдік белгілері бойынша кемсiту –

лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Осы баптың бесiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Жұлдызай Форт,

Қазақ үні