Желтоқсан айында неше күн демалыс болады
2019 ж. 05 қараша
3247
0
Желтоқсан айында қазақстандықтарда 19 жұмыс, 12 демалыс күні болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
1 желтоқсанда Тұңғыш Президент күні жексенбіге тура келіп тұр, сол себепті ол мереке 2 желтоқсанға ауыстырылып, екі күн қатарынан демалыс жарияланады.
Тәуелсіздік күні қазақстандықтар 16 және 17 желтоқсан күні демалады. 30 және 31 желтоқсан жұмыс күндері болмақ. Қазақстандықтар жаңа жылды екі күн – 1 және 2 желтоқсан күндері атап өтеді.
Еске сала кетсек, 2011 жылдың 10 желтоқсаны күні ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының бастамасымен «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңына толықтыру енгізу туралы» заң қабылданды. Соған сәйкес 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні болып белгіленді.