АСТАНА КӘСІПКЕРЛЕРІ ӨЗ БИЗНЕСТЕРІН ДАМЫТУ ҮШІН МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ
2022 ж. 23 желтоқсан
27078
0
Бүгінгі таңда бизнесті мемлекеттік қолдау - кәсіпкерлік секторды қуатты ынталандыруы туралы айтуға мүмкіндік береді. Бұған "Даму" Қорының Астана қалалық филиалы ұйымдастырған баспасөз туры аясында өңірлік және республикалық БАҚ өкілдері көз жеткізді.
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобаны және кәсіпкерлікті кредиттеуді қолдау жөніндегі басым жобаларды кредиттеу тетігін іске асыру шеңберінде "Даму" кәсіпкерлікті дамыту Қоры Астана қаласының кәсіпорындарына пайыздық мөлшерлемені субсидиялау және кепілдік беру түрінде қолдау көрсетті.
"Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау" құралы бойынша бағдарламаларды іске асырған сәттен бастап 561,8 млрд.теңгеден астам кредит сомасына Астана кәсіпкерлерінің 5694-тен астам жобасына қолдау көрсетілді. Сондай-ақ өңірдегі кәсіпкерлердің 3021-ден астам жобасына "Даму" қорының кепілдіктері берілді, онда кредиттің жалпы сомасы 43 млрд. теңгеден асты.
2022 жылдың 11 айында: пайыздық мөлшерлемені субсидиялау түрінде қолдау алынды.
Жалпы несие сомасы 70,5 млрд теңгеге кәсіпкерлердің 1647 жобасы, оның ішінде:
* кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде 35,6 млрд теңге сомасына 376 жоба қолдау тапты;
* "Қарапайым заттар экономикасы" басым жобаларына кредит беру тетігі шеңберінде 14,2 млрд теңге сомасына 13 жоба; (01.11.2022 ж. жағдай бойынша деректер)
Сондай-ақ, ағымдағы жылы (01.11.2022 ж.жағдай бойынша) "Кепілдік беру" құралы бойынша облыс кәсіпкерлерінің жалпы кредит сомасы 22,4 млрд теңгеге 844 жобасы қолдау тапты, онда кепілдік сомасы 11,1 млрд теңгені құрады.
2022 жылғы 7 желтоқсанда "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ-ның Астана қаласы бойынша өңірлік филиалы Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қолдау тапқан елорда кәсіпорындары бойынша баспасөз турын өткізуді жоспарлап отыр. Журналистерге екі кәсіпорынға бару мүмкіндігі ұсынылады, онда кәсіпорын басшылары өз жобалары және қандай мемлекеттік бағдарламаларды пайдаланғаны туралы айтып берді.
Бизнесті мемлекеттік қолдау Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік секторды дамытудың маңызды шарты болып табылады. Бүгінгі таңда Қор үш негізгі қолдау құралын ұсынады. Бұл-жеңілдікті кредиттеу, сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, кредиттерге кепілдік беру.
"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ - Кәсіпкерлікті қолдау шараларының негізгі операторы және интеграторы. "Даму" Қорының кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі негізгі құралдары Екінші деңгейдегі банктер арқылы жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру, пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау, банктер алдында кепілдіктер беру, лизингтік мәмілелер мен микрокредиттік ұйымдарды жеңілдікпен қаржыландыру болып табылады.