Астана қаласы білім басқармасының басшысы тағайындалды

011Сенғазыев Қасымхан Сенғазыұлы Астана қаласы білім басқармасының басшысы болып тағайындалды.

1981 жылдың 21 қарашасында Алматы қаласында дүниеге келген. 2007 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін («бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру» мамандығы бойынша), 2009 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін («менеджмент» мамандығы бойынша) тәмамдады. 09.01.2002 – 25.01.2005 аралығында Алматы қаласының және Алматы облысының мектептерінде мұғалім болып еңбек етті; 14.02.2005 – 31.10.2008 аралығында Алматы қаласының жеке құрылымдарында қызмет етті; с 01.11.2008 – 20.04.2011 – Астана қ. Білім басқармасы №21 орта мектептің директоры; 20.04.2011 – 12.07.2013 – Астана қ. Білім басқармасы №49 орта мектептің директоры; 12.07.2013 – 04.01.2016 – Астана қ. Білім басқармасы басшысының орынбасары; 05.01.2016– Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің орынбасары. 02.06.2016 ж. бастап – Астана қаласы Білім басқармасының басшысы.

qazaquni.kz