Бір аптаның ішінде 18 мыңға жуық түлек ҰБТ-дан құлады
2014 ж. 09 маусым
2177
0
Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты биыл да жанжал мен шу басылар емес. Төрт күн ішінде ережені бұзған 26 бала дәрісханадан шығарылған. Ал он сегіз мыңға жуық түлек жоғары оқу орнына түсу мүмкіндіген айырылды.
Төрт күнді қорытындылаған білім және ғылым министрлігінің өкілдері журналистерге арнап баспасөз мәслихатын өткізді. Министрлік өкілдері Қарағандыда, Атырауда болған келеңсіздіктерге қатысты да түсінік берді.
Төрт күн ішінде өрекпімеген жүрек, толқымаған көңіл жоқ шығар, сірә. Біреулері қуаныш кернеп жылап, енді бірі оқуға түсе алмай еңіреп жүр. Түлектер тарапынан шағым көбейіп кеткен соң ба, білім және ғылым министрлігінің өкілдері тестілеудің аяқталуын күтпей-ақ бүгін журналистерді жинады.
Осылайша тәртіпке көнбеген түлектер оқуға түсу мүмкіндігінен айрылды. Ал шпаргалка, ұялы телефон алып өтпек болғандар қаншама? Есептеңіз, барлығы биыл 92 мыңнан астам түлек сынақтан өтуі тиіс болса, төрт күн ішінде соның 37 мыңынан рұқсат етілмеген заттар тәркіленген.
Сонда шамамен әрбір екі түлектің біреуі шпаргалка жасырған. Естеріңізге салайық, Атыраулық түлектің әкесі "Алматыда сыра зауыты қашан салынды?" деген сұрақ табылды деп шағымданған еді. Ұлттық тестілеу орталығының директоры мұндай сауалдың болмағанын журналистерге дәлелдеп берді. Тіпті сол атыраулық түлек Айнұр Серіктің тест сұрақтарын да ала келіпті.
"Кейбір ата-аналар айтады, дайындық кезінде көрдік дейді, ол мүмкін, былтырғы жылы болған, ол сұрақты апелляция дұрыс деп шешті. Себеб,і Верный қаласының даму жөнінде айталады да, Верный қаласында 19 ғасырдың екінші жартысында ең бірінші ашылған сыра зауыты. Сыра ұятты сөз емес, сол кезде кәсіпорын ол кезде Ресей империсяында сондай монополия болған, үкімет салған", - дейді "Ұлттық тестілеу орталығының" директоры Қали Әбдиев.
Тіпті министрлік атыраулық түлек кешірім сұрасын деп отыр.
Білім және ғылым вице-министрі Тарик Балықбаевтың мәліметінше, биыл мемлекеттік грант саны 800-ге азайған. Себебі, оларды магистратураға беруге шешім қабылдаған. Сол секілді биыл ең төменгі қажетті 50 ұпайды жинай алмаған түлектер саны 18 мыңнан асқан.
Бұл өткен жылғымен салыстырғанда едәуір аз. Ал 100-ден жоғары сұраққа дұрыс жауап бергендер қатары 11 мыңға жеткен. "Бұл 2013 жылға қарағанда жақсы нәтиже, - дейді мамандар.
Читать полностью: http://news.nur.kz/kk/316734.html