Қазақстанның 6 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
2018 ж. 29 қазан
2190
0
Қазақстанның 6 облысында дауылды ескерту жарияланды, — деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
28 қазанда Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 18-23 метр, екпіні секундына 30 метр болуы күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метр, таңертең және күндіз екпіні секундына 23-28 метр, облыстың оңтүстік-батысында секундына 30 метр және одан аса күтіледі. 29-31 қазанда түнде кей жерлерде 3 градус үсік жүреді.
Таразда да осындай ауа райы болады. 28-30 қазанда Ақмола облысында жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метр, кей жерлерде екпіні секундына 23-28 метр болады. Ал Астанада бұдан бөлек тұман, көктайғақ күтіледі. 28 қазанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыс, батыстан соғатын желдің күші секундына 17-22 метрге дейін жетеді.
Оралда оңтүстік-батыс, батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Дауылдың ықтималдығы 90-95 пайыз. Сол күні, Шығыс Қазақстан облысында батыстан соғатын желінің күші 15-20, екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді. Кейінірек синоптиктер Солтүстік Қазақстан және Қостанай облысында дауылды ескерту жариялады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз және түнде солтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метр болады, кей жерлерде секундына 23-28 метрге дейін көтерілуі мүмкін. Тұман, көктайғақ күтіледі. Петропавлда жел күші секундына 25 метрге жетеді. Дауылдың ықтималдығы 90-95 пайыз. 28 қазанда Қостанай облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады, секундына 25 метрге дейін жетуі мүмкін. Дауылдың ықтималдығы 90-95 пайыз.