Шенеуніктерге ғана арналған Астана әуежайының жаңа VIP-терминалы қандай? (ФОТО)

Астана әуежайының жоғары лауазымды тұлғаларға арналған жаңа VIP-терминалының суретті жарияланды. Бұл туралы "Қазақ үні" ұлттық порталы mabetex.eu сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңа терминал классикалық стильде жасалып, ғимараттың қабырғалары мен едені қымбат керамикалық тастармен қапталған. Патша сарайынан кем емес терминалдың екі кіреберісі бар. Біріншісі - лауазымды шенеуніктер үшін, екіншісі - олармен бірге сапарға аттанатын көмекшілері, туыстары секілді адамдар үшін.