Ақтөбе оқиғасы: Қарулы қақтығыс жасағандардың аты-жөні белгілі болды

01Ақтөбеде қылмыс жасаған күдіктілердің суреттері пайда болды. Бұл туралы "Қазақстан-Ақтөбе" телеарнасы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Телеарнаның мәліметінше, өңірдегі құқық қорғау органдары соңғы екі күнде Ақтөбеде аса ауыр қылмыстарды жасады деген күдіктілердің бағыттама қағаздарын таратқан:

Таңатаров Дмитрий, 1989 жылғы, Ақтөбе тумасы;

Таңатаров Арсен, 1990 жылғы, Ақтөбе тумасы;

Жұбанов Айдос, 1985 жылғы, Ақтөбе облысының тумасы;

Қуанышбаев Бақыт, 1983 жылғы, Қызылорда облысы, Сырдария ауданының тумасы;

Сейілов Нұрлан, 1985 жылғы, Ақмола облысы, Есіл ауданының тумасы;

Ақпанбетов Әлібек, 1989 жылғы, Ақтөбе облысының тумасы;

Башимов Айдар, 1988 жылғы, Ақтөбе облысы Шалқар ауданының тумасы;

Айта кетейік, бұл бағыттамалар әлеуметтік желілер мен Whatsapp мессенджерінде таралып жатыр.

(Ақтөбедегі терактілерге қатысы бар болуы мүмкін күдіктілердің суреттері)

Дерек көзі: "Қазақстан-Ақтөбе"