Каспий теңізінде су перісі болуы мүмкін - ғалымдар
2016 ж. 28 наурыз
6913
2
Осы аптада республикалық басылымдардың бірі ғалымдардың Каспий теңізіне қатысты тың пайымдары негізінде қызықты мақала жариялады.
Онда отандық ғалым, Әділ Қорзабаев Каспий теңізінде су перісінің (русалка) болуы мүмкіндігіне қатысты жинақтаған деректері жөнінде өзінің пайымдарымен бөліседі, деп жазады «Қазақстан» арнасы.
Ғалымның куәгерлердің сөздеріне сүйене отырып жасаған пайымынша, Каспий теңізінде су перісі (русалка) жүр. Ол браконьерлерге шабуыл жасаған. Оны көрген мұнайшылар да бар көрінеді.
Кезінде тіпті, осы жұмбақ өмір иесін табу үшін Каспийге Жак-Ив Кустоның өзі келген. Мақала Каспий теңізінің жағасындағы қалада өзінің жастық шағын өткізген әзербайжандық ғалым Самед Алиоглының бізге жұмбақ тіршілік иесін көргендігі жөніндегі әңгімесінен басталады.
Оның сөзінше, су перісі балықтардың арасында жүзіп жүрген, ал балықтардың шоғыры пері қалай бұрылса, солай қарай жүзетін болған.
«Әзербайжанның өзге ғалымдары мен ирандықтар елдің күлкісіне қалмау үшін үнсіз отырғанда бұл оқиғаны маған әзербайжандық ғалым Самед Али оглу Джафаров айтып берді»,-дейді зерттеуші Әділ Қорзабаев.
Оның сөзінше, шындап келгенде ирандықтар су перісінің бар екендігінен еш күмәнданбайды және бұл тек ұлттық фольклордың элементтері ғана емес, кәдімгі адамдардың көзбен көріп, куәсі болған дүниелер. Каспийдің континенттердің қалыптаса бастаған мыңдаған жылдар бұрын пайда болғандығын ескерсек, бұл әңгіменің жаны бар. Оның үстіне, Каспий - тұйық экожүйе. Сол себепті, ондағы эволюция да мүлдем басқа жолмен дамуы мүмкін. Яғни, мұнда адам-балықтардың болуы әбден мүмкін.
Ғалым Самед Али Джафаров куәгерлер мен көзкөргендердің сөздері бойынша, Каспийдегі су перісінің кескін-келбетін нақты баяндап берген. Яғни оның түсі жылтыраған көкшіл, ал ұзын шашының түсі қою жасыл болған. Сонымен қатар, перінің адамдардың алақанына ұқсайтын 4 саусағы бар.
Әзербажандық ғалым су перісіне қатысты өзге де бірқатар қызықты деректер туралы айтады. «Соңғы уақытта перілердің суреттері көптеп жариялана бастады», - дейді Әділ Қоразбаев.
Әзербайжандық ғалымның пікірінше, бұған Каспийдің экологиялық жағдайының нашарлауы себеп.
Мақаладан су перісінің браконьерлерге шабуылдайтындығы, тіпті осындай жайдың куәсі болған азаматтардың бар екендігі жөнінде баяндалады.
Дерек көзі: ҚазАқпарат