"Қазақ тілі Ұлтаралық қатынас тіліне айналуы үшін Мемлекет басшысы арнайы жоба қабылдауы керек" - Максим Споткай

ҰЛТТЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТУДЕ

ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың қатысуымен өтетін төртінші отырыс та аймақтардың қатысуымен онлайн форматта өтуде. Отырыстың күн тәртібінде қаралатын негізгі мәселе - Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын жүзеге асыру жолдарын талқылау.

Ұлттық Кеңес хатшысы, ҚР Президенті көмекшісі Ерлан Қарин қысқаша есеп берді. Ұлттық кеңестің ұсынуымен қоғам талап етіп отырған 7 маңызы зор заң қабылданғанын атап өтті.

Саяси жаңғыру тобы бойынша бірінші Максим Споткай тек мемлекеттік тілде таза сөйледі. Ол ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың "Қазақ тілі ұлтаралық қатынас тіліне айналуы тиіс" деген сөзін келтіріп, "Мемлекет басшысы Қазақ тілін Ұлтаралық қатынас тіліне айналуы үшін арнайы жоба қабылдауы керек" деп атап өтті.

Өкінішке қарай Экономика тобы бойынша сөйлеген Арман Кашкимбаев Ресей Тілінде сөйлеп, Максим Споткай сөйлеген қазақ тілімен де, мәнді сөзімен де сыйлаған жақсы көңіл-күйімізді бірден бұзды.

Әлеуметтік жаңғыру тобы бойынша Ләззат Қожахмет сөйледі. Мәдени-рухани жаңғыру тобы бойынша Асхат Садырбай сөйледі. Ол еліміздегі сайттардың қазақ тілінде болуын, мәдени-тарихи құнды мұраларды сақтау, экология мәселелерін қозғады.
Қосымша сөз сөйлеушілер ішінен заңгерлер Айман Омарова мен Айгүл Орынбек сөйледі.
Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев қорытынды сөзін сөйлеп, баяндама жасауда.
Ұлттық Кеңес отырысы жалғасуда.
Қазыбек Иса, Қазақ үні