Танымал жазушы Жовтисті сынға алды

Бұл Жовтис пен екі азаматтығы бар ұлттар басым тұратын Қазақстан үшін ең қауіпті «жетінші колонна»

Еліміздегі бейбіт митингілер өткізуге шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың қатысуы Атазаңымызға қайшы екенін мәлімдеген белгілі ақын, Ұлттық кеңес мүшесі Қазыбек Исаның «Жовтиске еріп, жолда қала алмаймыз» атты мақаласын әлеуметтік желілерде көпшілік қатты қолдауда. Осыған байланысты белгілі жазушы, профессор Тұрсын Жұртбай бейбіт жиналыстар туралы заң жобасына өз пікірін білдірді, – деп хабарлайды «Қазақ үні» ақпарат агенттігі. Тұрсын Жұртбай: Бұл: мемлекеттің ішінде Жовтис пен тағы басқа екі азаматтығы бар ұлт өкілдері басым тұратын Қазақстан үшін ең қауіпті "жетінші колонна", мылтықсыз (Қазақстанның шекарасында дайын тұрған Ельцин тұсындағы"Казчьи круг") жасағы дайын, "француз легионері" де ішімізде бар. Президент аппаратының екі бөлімінің бастықтарының орынбасарлары (бірі-қазақ, бірі-орыс) ресми түрде Ресей барлаушылары тобының жетекшілері болғаны соны анық аңғартады. Ал, Жовтистің жақтастары (әкесі жақсы, ары таза, азаматтық ойы ашық адам еді) мұны халықаралық идеологиялық арандатуға ұластырып, Қазақ мемлекетіне диктовка жасайды. Олардың құнығып отырғаны сол. Қазақстандық шетелдік деп ең бірінші өзін айтып отыр. Егер ол шаң шықса, кешегі дүнгендердің бәрі де шетел азаматы болып шыға келеді. "Дүнген қызы сүйгенімді - Дүнген қызы күйдірген" деп айтатын боламыз. Мұны Президент жақсы біледі, оған уәжі дайын деп есептеймін. Бірақ, жоғарыдағы мақаланы ел пікірін ұстайтын "ел газеттері" неге баспайды? Талқыға салу солардың міндеттері емес пе? Әй, жігіттер-ай, іштен кіжініп, сыртымызға, ісімізге су жұқпайтыны несі екен?