"Мәскеуден шыға алмай қалдық": Тасмағамбетовтың Теменовке жазған хаты

Бүгін халықаралық театр күні. Осыған орай қазақтың саңлақ саясаткері Иманғали Тасмағамбетовтың белгілі режиссер Талғат Теменовке жазған құттықтау сөзін оқырманға ұсынуды жөн көрдік.

***

Жан досым, Талғат! Калайсың? Үй-іші аман ба? Бүгінгі мерекелерің құтты болсын! Театр күнін айтам... Есіңде болар, баяғыда сені ТЮЗ-ға басшы боп бар дегенде, ат тоныңды ала қашып ең... Енді бүгін театр екінші үйің болды. Саған театрдың пайдасы тиді. Сенің де театрға жасаған еңбегің ұшан-теңіз. Біз де аман. Мәскеуден шыға алмай қалдық. Күн де, ауа-райы да биыл ерекше. Өткен жолы "жігіттер сұрап жатыр" деп едің. Менен бәріне салем айт! Үйде бекер жатпай бір жұмыс жазып жатырмын. Мені де шығармашылық адамы жасадыңдар. Ең негізі мына кеселден аман-есен өтуге жазсын. Өзім де бәріңді сағындым. Ұшайын десем қанат жок. Аман-есен бас қосуға жазсын! Аман бол, досым!

Құрметпен,

Иманғали Тасмағамбетов

Қаллеки театры туралы мәлімет: құрылу тарихы, қойылымдары ...