"Ақ жол" партиясы Нұр-Сұлтанда "АЛАШҚА ТАҒЗЫМ" шеруін өткізуді ұсынды

Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы жыл сайын Нұр-Сұлтан қаласында 31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінде "Алашқа тағзым" шеруін ұйымдастыруды ұсынды.

Осыған орай "Қазақ үні" ақпарат агенттігі "Ақ жол" партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтың Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтановқа жазған ұсыныс хатын оқырман қауымға ұсынамыз.