«Қаралы көш» қайта басылым көрді

 

китап

Алтайдан Анадолыға босқан қазақтардың қанды көші туралы жазылған Жәди Шәкенұлының «Қаралы көш» романы 2010 жылы «Тұран» баспасынан 2000 данамен жарық көрген болатын. Аталған кітап оқырмандардың ыстық ықласына бөленіп, жұрт таласа-тармаса оқитын еңбекке айналғаны себепті алғашқы басылым өте тез тарап кеткен еді.
Жұрттың сұранысы бойынша «Қаралы көш» романы «Тұран» баспасы жағынан екінші рет басылымға ұсынылып үстіміздегі жылдың ақпан айында тағы да 2000 данамен жарық көрді. Әрі әр елдегі оқырмандар талабы бойынша роман орыс, түрік тілдеріне аударылудан тыс төте жазуда жарық көру мүмкіндігіне ие болып отыр.