АЛАШ АҚИЫҒЫ МАҒЖАНҒА АРНАЛҒАН ЖЫР БӘЙГЕСІ ӨТЕДІ!

АЛАШ АҚИЫҒЫ МАҒЖАНҒА АРНАЛҒАН ЖЫР БӘЙГЕСІ ӨТЕДІ!

2023 жылдың 15 желтоқсаны күні Алматы қаласында Тәуелсіздік күні қарсаңында Алаш арысы, ұлымыздың ұлы ақыны Мағжан Жұмабайдың 130 жылдығына арналған «Тұран тұлғасы» халықаралық мүшәйрасының қортынынды кеші өтеді. 

“Ақ жол” партиясы мен Қазақстан Жазушылар одағы ұйымдастырып жатқан Алаш ақиығы Мағжан Жұмабайдың 130 жылдығына арналған халықаралық мүшәйра Алматы қаласында Қазақстан Жазушылар одағында 15 желтоқсан, жұма күні, сағат 17:00-де өтеді.


Шараға есімі елге танымал ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері, Мәжіліс депутаттары, өнер майталмандары қатысады. 

Жыр оқылып, әндер шырқалады.

Алаштың ақиық ақыны Мағжан Жұмабайұлының 130 жылдығына арналған халықаралық мүшәйрада жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып оза шапқан өрен жүйріктерді салтанатты марапаттау рәсімі өтеді. 

Поэзия кешінің көрермені болыңыздар!..

Келе жатқан Тәуелсіздік күніміз құтты болсын! 

Алла жар болып, Алаш арыстарының аруағы қолдасын!

Ақ жол!