Астанада Фариза Оңғарсыноваға арналған еске алу кеші өтеді

Астанада Фариза Оңғарсыноваға арналған  еске алу кеші өтеді

2022 жылдың 26 желтоқсан күні сағат 11.00- де Мемлекеттік сыйлықтың иегері,көрнекті ақын, Қазақстанның халық жазушысы Фариза Оңғарсыноваға арналған “АҚЫН ЖҮРЕГІНДЕГІ ЕЛОРДА” атты ақиық ақынды еске алу кеші өтеді.

МАҚСАТЫ: ақынның өнегілі өмірі мен шығармашылығын өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау.

Ақынын ардақтаған алқалы жиынға Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Нұртөре Жүсіп, Сауытбек Абдрахманов, Дархан Мыңбай, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академиктері Уалихан Қалижанов, Бауыржан Омаров, Дихан Қамзабекұлы, Амантай Шәріп, Еренғайып Сәліпұлы, сондай-ақ Фариза апайдың Ғалым Жайлыбай, Оңайгүл Тұржан, Жанат Әскербекқызы сынды елге белгілі ақын інілері мен сіңлілері қатысып, естеліктерімен бөліседі.

Кешті ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, Президент жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі Кәрімбек Құрманәлиев жүргізеді.

Іс- шара аясында ақын Фариза Оңғарсынова кітаптарының көрмесі ұйымдастырылып, “ФАРИЗАТАНУ” кабинеті тыныс- тіршілігінің таныстырылымы өтеді.

ӨТЕТІН ОРНЫ: Фариза Оңғарсынова атындағы 77-ші мектеп- гимназиясының Мәжіліс залы. Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 22/1.

Анықтама үшін: 87013412444

                             8 (7172) 24-88-75