ҚАЗЫБЕК ҚАЗЫНАСЫ

ҚАЗЫБЕК ҚАЗЫНАСЫ

Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университеті “Кәусар” мәдени-танымдық бірлестігінде ақын, халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының лауреаты, Сергей Есенин атындағы сыйлық - “Алтын күз” ордені, “Құрмет” орденінің иегері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, “Қазақ үні” ЖШС президенті - редакторлар кеңесінің төрағасы Қазыбек Исамен “Өмір - өзен” атты шығармашылық кездесу кеші өтті. 

Шараның бірінші бөлімінде университет студенттері ақынның өлеңдерін оқып, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сембек Жұмағалиев, халықаралық байқаулардың лауреты Руслан Ақынбеков Қазыбек өлеңдеріне жазылған әндерді орындады. Ұлт патриоты Қ. Иса кешке қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауап берді. “Ақ жол” демократиялық партиясының төрағасы, депутат Азат Перуашев логикасы, философиясы анық, концепциясы мәнді сөз айтты.

Сазды да мәнді тамаша кездесуді қорытындылаған университет ректоры, академик Ерлан Сыдықов 60-тың асқарына шыққан Қазыбек Жарылқасынұлын оқу орнының ең жоғары атағы - “Күлтегін” медалімен марапаттап, сый-сияпат көрсетті.