Қазақстанның Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов қайтыс болды

Қазақстанның Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов қайтыс болды

Жазушы, публицист, қоғам қайраткері, Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Әбдіжәміл Нұрпейісов қайтыс болды. Бұл туралы депутат Жанарбек Әшімжан өзінің facebook парақшасында жариялады.

"Классик жазушы, ІІ-Дүниежүзілік соғыстың ардагері, даңқты Әбдіжәміл ақсақал Нұрпейісов қайтыс болыпты. Иман байлығын берсін.

Адамзаттың басынан өткен небір сұрапыл дәуірлерді тәнімен де, жанымен де сезінген Алып Жүрек ғасырға жақындап барып тоқтапты.

Көрмеген көшесінен жарылқасын"- деп жазды Жанарбек Әшімжан.