Дулат Исабековтың кітабы швед тілінде жарық көрді

Дулат Исабековтың кітабы швед тілінде жарық көрді

2019 жылдан бастап Шевциядағы Gün Publishing House және Ұлыбританиядағы Hertfordshire Press  баспалары белгілі қазақ жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Дулат Исабековтың кітабын швед тіліне аудару, басып шығаруға және Швецияда, Лондонда және бүкіл Еуразияда таратуға дайындау бойынша жұмыстар жүргізді.

Бұл туралы "Қазақ үні" ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Brännande Sol, Isande Vind, Levande Stäpp” деп аталатын бұл кітапқа жазушының "Гауһар тас", "Өкпек жолаушы", "Біз соғысты көрген жоқпыз" секілді бес хикаяты мен екі әңгімесі енген. 


Кітапты швед академигі, Нобель сыйлығының лауреаты, көптеген кітаптар мен ғылыми еңбектердің авторы, Швеция Корольдігі Ғылым академиясының және Американдық өнер және ғылым академиясының мүшесі  Бенгт Самуэлссон аударған.

Сонымен қатар, жазушының "Бөрте" пьесасын сахналауған  Zurich English-Speaking Theatre (Цюрих, Швейцария), New World Theatre Club (Люксембург), Volkstheater (Вена, Австрия), Vass Productions / Alex Theatre in St Kilda (Мельбурн, Австралия) театрлары қызығушылық танытқаны хабарланды.