Ақиық ақынға арналды
2021 ж. 10 ақпан
1442
0
"Дара оқырман" клубының мүшелері Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай ақиық ақынның Алматыдағы ескерткішінің алдында поэзия сағатын өткізді. Ақынның туған күнінде ұйымдастырылған шара барысында клуб мүшелері Аяшова Айзада «Ей өмірім!», Жардембекқызы Мадина «Поэзия», Ернұр Ғарыш «Қиын не бар?», Ибраимова Мадина «Шеше сен бақыттысың», Қабылқақова Гүлнұр «Аққулар ұйқтағанда» атты өлеңдерін оқып, жиылған жұрттың жүрегін жырмен тербеді.
Қазақстан Жазушылар одағы, «Қазақ әдебиеті» газеті, Қазақстан Ұлттық кітапханасы, «Фирма «ЛЭУ» Жауапкершілігі серіктестігінің қолдауымен өткен шараға клуб мүшелерінің ата-аналары да қатысып, балалардың өнерін тамашалады.
Әділ НЕСІПБАЙ, Республикалық «AR SISTEM KZ» қоғамдық бірлестігінің президенті, «Дара оқырман» клубының жетекшісі:
– Артына мәңгі өшпес, өлмес мұра қалдырған аяулы ақын Мұқағали Мақатаевтың жырлары әр қазақтың жүрегінде жаттаулы. 9-ақпан – ақынның ғана емес қазақ поэзиясының туған күні. Осынау айтулы күні «Дара оқырман» клубының мүшелері ақын ескерткіші алдында жиналып, оның өлеңдерін оқып, жиылған жұрттың көңілін бір серпілтіп тастады. Ақынның 90 жылдығына орай алдағы уақытта да осы бағыттағы іс-шараларымыз өз жалғасын таба бермек.
qazaquni.kz