Орталық Азия мемлекеттері арасындағы кедергілер жойылып келеді - сарапшы

Орталық Азия елдері басшыларының Астана қаласында өткен кездесуі аймақтағы әлеуметтік-мәдени байланыстарды жандандыру тұрғысынан маңызды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры жанындағы ӘЭСИ сарапшысы Серік Бейсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақ үні" ұлттық порталының тілшісі.

- Көптеген жылдар бойы әртүрлі себептермен, соның ішінде саяси, кейбір ОА мемлекеттері тұрғындарының арасындағы тығыз қарым-қатынасы қиын болған. Қазір біз кедергілер біртіндеп жойылып, виза режимдері жеңілдетіліп немесе қарапайым сөзбен айтқанда елдер бір-біріне «ашылып» жатқанын көріп отырмыз. Мемлекет басшылары сәтті сауда-саттықты жүргізу және саяси ынтымақтастықты нығайту алдында мәдениетаралық алмасуды орнату қажет екендігін түсінді. Астанадағы кездесу аймақтық деңгейде жан-жақты байланыстарды қалпына келтіру үдерісіне қолдау көрсетіп, жаңа серпін береді, - дейді сарапшы.

Оның пікірінше, Қазақстан бизнестің және туристік тартымдылықтың орталығы болуға тамаша мүмкіндік алады.

- Бізде заманауи қалалар бар, олар өздерінің дамыған инфрақұрылымы мен әлемдік деңгейдегі көңіл көтеру қызметтерімен аймақтың басқа елдерінің тұрғындарын қызықтырады. Бұл әлеуетті түсініп, ашылған «мүмкіндіктер терезесін» ескере отырып, барынша пайдасын алу маңызды, - деп санайды Бейсембаев.