Мұрат Әуезов: Одақтың төрағасы Ұлықбек Есдәулет болғаны дұрыс

Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет болғаны дұрыс. Мұндай пікірді белгілі ғалым Мұрат Әуезов жазушылардың құрылтайында айтты, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ұлттық порталының тілшісі.

Қазақстан жазушыларының кезекті құрылтайы барысында мәдениеттанушы Мұрат Әуезовке сөз беріліп, ол өз сөзінде қаламгерлерді ынтымаққа шақырып, Нұрлан Оразалинның 22 жылғы төрағалық жұмысын баға берді.

Сондай-ақ, құрылтайда осы уақытқа дейін Мұхтар Шаханов, Сәбит Досанов, Қабдеш Жұмаділов секілді бірқатар есімі елге белгілі зиялы қауым өкілдері сөз сөйлеп, одақ жұмысы туралы пікірлерін айтты.