Дональд Трамп мұсылмандарды Наурыз мейрамымен құттықтады

АҚШ президенті Дональд Трамп мұсылмандарды Наурыз мейрамымен құттықтады.

Бұл туралы The Washington Times басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Көктемнің келуін атап өтіп жатқан миллиондаған адамға Наурыздың тамаша әрі берекелі болуын тілеймін», – деді АҚШ президенті.

Сондай-ақ, Дональд Трамп саяси тақырыпқа да тоқталып өтті.

Басылымның мәліметінше,  құттықтау сөзінің басым бөлігі Иран билігін сынауға арналған.

Трамп аталған мейрамның тарихы халқы мыңдаған жыл бойы түрлі қиындықтарды бастан кешкен Иран мемлекетімен байланысты екенін мәлімдеді.

Сонымен қатар АҚШ президенті Иран халқын өзінің жеке мүддесіне қызмет етіп, халықтың мүддесіне көз жұма қарайтын басшылар басқарып отырғанын айтты.