Мұхтар Шаханов Оразалинді "Қоразалин" деп атамаған

М.ШАХАНОВТЫҢ ПІКІРЛЕРІН ТЕЛЕАРНАЛАРДЫҢ ЖӘНЕ БАСҚА САЙТТАРДЫҢ БҰРМАЛАҒАНЫ ҚАЛАЙ?

Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шахановтың Қазақстан Жазушылар Одағының кезекті XV құрылтайында Қазақстан Жазушылар Одағының 22 жыл бойы төрағасы болған Нұрлан Оразалинге айтқан сынын бірнеше телеарналар шатастырып, хабар таратты. Сол жиында айтқан Шахановтың сөзінен қысқаша үзінді келтірелік:

«Ұлттық мүддеге келгенде,

Оразалин Қоразалин болмады.

Тауықалин, Шөжалиннің деңгейінде самғады.

Оразалиннің үлкен еңбегі бар. Ол биліктегі басшылардың туфлиін керемет шеберлікпен жалады... Қазақстан Жазушыларының демалыс үйі бар еді. Әр үш-төрт айда сонда барып демалып, шығармаларымызды жазушы едік. Сол үй қырық тоғыз-ақ жылға Қытайға жалға беріліпті. Мұны тексерер болсақ, көп былықтың беті ашылғалы тұр...»

Ылғи да шындық биігінен, елдік, ұлттық мүдде биігінен көрініп келе жатқан қайсар ақынымыздың сөзін бұрмалау азаматтыққа жата ма?

Құдияр Біләл,

жазушы, ҚР Мәдениет қайраткері