Якутияда қазақ әдебиеті мен мәдениетінің орталығы ашылды

Наурыздың 15-і күні Якутияның Ұлттық кітапханасында Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті орталығы ашылды.

Екі елдің мәдениеті мен салт-дәстүрлері де әсіресе соңғы жылдары олардың арасындағы айырмашылық әдебиет саласымен де тығыз байланыста.

Қазақстан әдебиеті орталығының ашылуы Якутиядағы (Саха) оқырмандарына қазақ халқының салт-дәстүрі, мәдениеті, өнерімен жақын танысуға мүмкіндік береді.

Бұл – Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері мен оның экономика, саясат, әлеуметтік салалардағы табыстарын көпшілікке таныстыруға жол ашады.

Орталықта Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың, соның ішінде Елбасының әлемдік саяси аренадағы орны мен рөліне арналған кітаптары, тарих, ғылыми-көпшілік және көркем әдебиеті бойынша кітаптар ұсынылды. Барлығы 200-ге жуық кітап тапсырылды. Бұл кітаптар Якутия оқырмандары арасында үлкен қызығушылыққа ие болып, қазақтың бай мәдени мұрасын тануға мүмкіндік берері сөзсіз.

Айта кетелік, Ресейде мұндай орталық тек Мәскеудің Ұлттық кітапханасында ашылған болатын. Қазіргі таңда бұл екінші ашылған орталық.

Якутияның Ұлттық кітапханасының Бас директоры Саргылана Максимованың айтуынша:

- «Бұл Якутия мен Қазақстан арасындағы мәдени қарым-қатынастарды дамытудағы маңызды іс-шара болып табылады».

Қазақстан Ұлттық академиялық кітапханасының қызметкері Дариға Дәуренбекова:

- «Мұндай орталықтар әлемнің жетекші кітапханаларында, соның ішінде АҚШ конгресінің кітапханасында да бар. Биылғы жылы біз бірнеше орталықты ашуды жоспарлап отырмыз. Біз Якутиямен жақсы қарым-қатынас орнаттық, бірақ әлі күнге дейін Якутиямен бірге жұмыс істейтін көптеген жобалар бар»-деп, топшылады.

Якутия мен Қазақстан жазушылар қоғамдастығының арасындағы байланыстарды еске сала отырып, ақын Николай Урсун:

- «Кеңес жылдары Якутия мен Қазақстан арасындағы байланыстардың орныққанын айтты. Мәдениет алмасу аясында екі халықтың жазушыларының антологиялары, сондай-ақ шығармаларын ұлттық тілдерге аударылғандығы да айтылды».

Іс-шара барысында екі кітапхана арсындағы ынтымақтастықты арттыру мақсатында екі жақты меморандумға қол қойылып, болашақта Қазақстан Ұлттық академиялық кітапханасы Якутияның Ұлттық кітапханасының электронды каталогтарына, сондай-ақ онда сақталған барлық цифрлы кітаптарға қашықтан кіру мүмкіндігін алды.