ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАРЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ ТУРАЛЫ ЕЛБАСЫ ТАПСЫРМАСЫН БІР АУЫЗДАН ҚОЛДАДЫ

  Бүгін Алматыда Қазақстан жазушылары одағының кезекті XV құрылтайы өтті. Аталмыш шараған ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қатысып, құттықтау сөзін сөйледі.   Қазақстан Жазушылар одағының жаңа  төрағасы болып бір ауыздан  ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, "Әлемнің үздік ақыны" Алтын медалының иегері Ұлықбек Есдәулет сайланды.  Дара дарынды ақын, ақиқатты ашық айтып жүрген рухы биік қайраткер Ұлықбек Есдәулеттің келуімен Қазақстан Жазушылар Одағында Рухани жаңғыру басталды деп сенеміз! Құрылтайда жазушы Смағұл Елубай Елбасының «Парламент пен Үкімет тек қазақ тілінде сөйлесін» деген тапсырмасын Құрылтай қаулысына енгізуді ұсынды. Бұл ұсынысты Қазақстан жазушылары одағының кезекті XV құрылтайына келген, Алматыдағы Абай атындағы опера  және балет театрында  толып отырған, 600-ге жуық делегат түгел қолдады.   Рухани жаңғырудың кезекті қадамы Мемлекеттік тілдің мемлекеттік органдарда қолданылуын Елбасының өзі Парламент пен Үкіметтен бастап берді. Енді мұны бүгін бүкіл қазақтың қалам ұстаған қауымы, кәсіби  жазушылары қуана қолдап, бір ауыздан қуаттады. Еске салу үшін айта кетейік, өткенде  «Ақ жол» партиясының парламенттегі фракциясы Елбасының тіл туралы тапсырмасын ең бірінші қолдап,  Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдау туралы депутаттық сауал жасап, заң жобасын жасауды өз мойындарына алған  болатын. Енді Рухани жаңғыруда алдыңғы қатарда болуы тиіс зиялылыр қауымының көшбасшысы Жазушылар да бұл, еліміз 27 жыл күткен тағдыршешті  Рухани жаңғыру бағдарламасының кезекті қадамы - Елбасымыздың  "Парламент пен Үкімет  ТЕК ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕУІ ТИІС" деген тапсырмасын  Құрылтайда көтеріп, бір ауыздан қаулы қабылдап жатса, нағыз жаңғыру осы емес пе? Жаңарған Жазушылар одағынан жақсылық күтер ел жаппай қолдап,  ақ тілегін ақтаруда. Қазыбек ИСА "Қазақ үні" газеті Qazaquni.kz