АҚШ-тың суасты қайықтары Ресейді түбегейлі құртады – Джон Хайте

АҚШ Қарулы күштері стратегиялық қолбасшысының төрағасы Джон Хайте бюджеттік тыңдаулар барысында Қарулы күштер комитетіне Ресей тарапынан төнген кез келген қауіпке жауап бере алатын мүмкіндік барын айтты. Бұл туралы комитеттің ресми сайтында жарияланды.

«Біз кез келген қауіпке дайынбыз. Бұған ешкім күмәнданбасын», - деді Хайтен.

Оның айтуынша, Ресей тарапы Вашингтон төтеп бере алмайтын әрекетке бара алмайды.

«Айтпақшы, олар біздің суасты қайықтарымыздың қайда екенін де білмейді. Осы жолмен жүрсек, ол қайықтар Ресейді құртып жібере алады», - деді төраға өз сөзінде.

Бұдан бұрын АҚШ сенаторлары мен демократтарынан құралған топ мемлекеттік хатшы Рекс Тиллерсонға Ресеймен стратегиялық тұрақтылық бойынша диалог бастау туралы талап қойған. Бұған Путиннің жаңа қару жөніндегі мәлімдемесі себеп болды.

«Қамшы»