Жаңа әліпби – қазақ тілі үшін тиімді шешім

Президент бекіткен латын графикасындағы қазақ әліпбиі мамандардың ұзақ мерзімді жұмыстарының нәтижесі және бұл әліпби осы уақытқа дейін айтылған сарапшылар пікірінің жан-жақты үддесінен шығады.

Бекітілген әліпби нұсқасы алға жасалған қадам іспетті, себебі, жалпы алғанда бұл қазақ тілінің дыбыстық ерекшелігін айқындайтын әліпбидің фонетикалық нұсқасына көшуді білдіреді.

Әліпбиде әлемдік тәжірибеде мойындалған екі диграф бар– sh мен ch, сәйкесінше «ш» мен «ч» әріптерін бейнелеуге арналған.

Қазақ тілінің барлық дауысты дыбыстары жеке белгі ретінде көрсетілген. Атап өту керек, қазақ тілінің вокализмі өте бай, ең алдымен, дәл осы факт диграфтарды қолдануды (алғашқы ұсынылған нұсқа) шектеді. Жаңа әліпбиде бұл мәселе түбегейлі шешілген.

Қазіргі уақытта көптеген заңды сын пікірлердің тууына себепкер болған «диграфтық» және «апострофтық» нұсқалардан гөрі, қазақ тілінің дыбыстық ретін толық ашып көрсете алатын әліпбиі жасалды деп айтуға болады.

Енді жаңа әліпби қоғамның түрлі топтарымен бір ауыздан қабылданып, күнделікті өмірге бір деммен енеді декен шынайы үміт бар.

Ержан Салтыбаев,

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жанындағы ӘЭСИ директоры

Қазақ үні