Назарбаев Иран президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Нұрсұлтан Назарбаев Иран Ислам Республикасының президенті Хасан Руханиге көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Ирандағы жолаушылар ұшағы апатының салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қайғыларына ортақтастығымды білдіремін", - делінген жеделхатта.

Еске сала кетейік, 18 ақпанда Иранда жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған. "Ұшақ Тегеран - Ясудж рейсін орындаған. Түрлі мәліметтер бойынша, бортта алпыстан жүзге дейін адам болған", - делінген еді хабарламада.