НЕГЕ БІЗДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛГЕ МИЫ ЖЕТПЕЙТІНДЕР МИНИСТР БОЛАДЫ?

  МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛГЕ МИЫ ЖЕТПЕЙТІН, САУАТСЫЗ  МИНИСТРЛЕР, ДЕПУТАТТАР, ШЕНЕУНІКТЕР, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР журналистер мемлекеттік тілде сұрақ қойғанда ғана   сауатын ашып, әліппені қайта оқи бастайды... Ел шулап жатыр.  Ерекше елге ұнаған Еңбек министрі Тамара Дүйсенованың орнына келген  жаңа министрдің аты-жөні  бұрын нағыз қазақтарға – оралмандарға байланысты одағай сөзіне ғана байланысты  еске қалған бір ханым еді...  Оралмандардың көбісін  сауатсыз деген сол кездегі шенеунік өзі мемлекеттік тілден - ең басты тілден - ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ҚАҚПАЙТЫН НАҒЫЗ САУАТСЫЗ БОЛЫП ШЫҚТЫ!!! Енді есімін іздеуге гуглге кіруге керек болды... Сөйтсем... құдай  сақтасын...  Жаңа еңбек министрінің атын интернеттен іздей көрмеңіздер,  қарап отырып, қара басыңызға ауру тілеп,  қан қысымыңызға ие бола алмай қалуыңыз мүмкін... «Шаршаған» Тамара Дүйсенованың орнына келген су жаңа министр Мәдина Әбілқасымова қазақша сауалдарға жауап бере алмай, тілшілерден қашып кетті" деп жариялады 31 арна. Айтпақшы, тақырыптан тапжылмай, таңғалып отырғандарға айтарым,  мен осыдан 7 жылдай бұрын    «МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛГЕ МИЫ ЖЕТПЕГЕНДЕР ҚАЛАЙ МИНИСТР БОЛАДЫ» деп, сол кездегі   Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовты бірнеше рет  сынап едім... Өзі нан жеп отырған, өзі мемлекеттің министрі болып отырған  мемлекеттік тілге қарсы шыққаны үшін... Ол мақала  «Қазақ үні» ұлттық порталының  «Ең көп оқылғандар» мен «Ең  көп талқыланғандар» айдарында да тұр. Екі жүз мыңға  жуық оқырман оқыды... Мәселе Мәдина ханымда ғана емес.  Өткенде, Экономика министрі Сүлейменовті  де,  Энергетика министрі Бозымбаевты да біраз сынадық. Білім министрі  Сағадиев те сау қалған жоқ, бірақ нәтиже бар ма? Мұндай мемлекеттік тілден мектепте екілік баға алғандар мемлекеттік мекемелерде толып жүр... Бүгін мен  бүгінгі Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановпен  кездесуге баруым керек еді... Ел зәрезап  болған," Миымды ауыстырмасаңдар қазақ тілін үйрене алмаймын" деп парламентте мәлімдесе де, екі рет ел министрі болған  Ерлан Ыдырысовтан кейін бұл орынға қазақтілді Қайраттай қайраткер келгенде  тәубаға келгендей болып, біз де жұртпен бірге қуанып қалдық... Осыдан он күн бұрын омыртқа жарығына (грыжа) ота жасатсам да, қазақ үшін өте маңызды кездесу үшін министрлік қызметкерлеріне уәде беріп қойып едім, бәрібір  дәрігерлер рұқсат бермей қойды...   Денсаулығыма байланысты бара алмай қалғаным үшін министрден және артымда тұрған қалың жұрттан кешірім сұраймын... Әріптестерімнен естіп, экраннан көріп отырмын, Қытайдағы қазақтар мәселесі жөнінде Қытай республикасына ел атынан ресми нота жолданыпты.  Енді нәтижесін күту керек, қоғамдық бақылау қажет. Әрине, кездесудегі де басты тақырып – Қытайдағы  қазақ қандастардың бүгінгі жағдайы туралы... Өткен жылдың соңында  «Ақ жол» партиясы төрағасы, Мәжіліс депутаты  Азат  Перуашев екеуміз Әлем елдерінің саяси партиялар көшбасшылары форумында Қытай елінде қыспаққа түскен қазақтардың тізімін  қытайлық басшылардың қолына тигізгеніміз елге белгілі. Кейін өткен аптада Астанаға келген Қытай Коммунистік партиясы ОК аппарат басшысы  (министр дәрежесінде) да "Ақ жол" партиясы бас кеңсесіндегі кездесуде бұл мәселенің күн тәртібінде тұрғанын, "Құқықты мемлекет ретінде жауап  берілетінін " айтқан болатын. Мен өзін сыйлайтын БАҚ-тарға, әрине, атап айтсам, алдымен "Егемен" газетінен, Ұлттық арнадан, "Хабардан" бастап, мемлекеттік БАҚ-тарға, Абай атамыздың атындағы, Қазаққа Қамшы болар сайттарға  айтарым, ҚАЗАҚТЫҢ, АЛАШТЫҢ, МЕМЛЕКЕТТТІҢ,  ҰЛТТЫҢ,  ДАЛАНЫҢ, НАМЫС  атын иеленген порталдарға, жергілікті сайттар мен БАҚ-тарға айтарым, Астанада, Алматыда және барлық қалаларда  болатын баспасөз мәслихаты  мен брифингтерде БАС ЗАҢ ҚАДАҒАЛУШЫ ОРГАН БАС ПРОКУРАТУРАНЫҢ БАС КЕҢЕСШІСІ НҰРГҮЛ ҚАРАҒОЙШИНАНЫҢ РЕСЕЙ ТІЛІНДЕГІ СҰРАҚТАРҒА  ЖАУАП БЕРМЕЙ, МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ЖАУАП БЕРГЕНІНЕН  ҮЛГІ АЛЫП, ҚАЙ ҰЛТ, КІМ БОЛСА ДА, ТЕК ҚАНА МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ СҰРАҚ ҚОЙЫҢЫЗДАР! ҚАЙ ҚАЗАҚ БАҚ-ы,  кім болса да, қазақ шенеунігіне  (ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОЛҒАН СОҢ БӘРІ ҚАЗАҚ ШЕНЕУНІГІ БОЛАДЫ ) МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ   сұрақ қоймаса, ол МЕМЛЕКЕТШІЛ  БАҚ емес! Ал мемлекетшіл емес  БАҚ –тарға  біз неге МЕМЛЕКЕТТІҢ  ҚАРЖЫСЫН ЖҰМСАУЫМЫЗ КЕРЕК!? Ендеше ондай БАҚ-тарға  жұмсалып жатқан біздің ҚАРЖЫМЫЗ БІЗГЕ ҚАРСЫ ЖҰМСАЛЫП ЖАТҚАН ЖОҚ ПА?  БІЗ ЕРТЕҢ ОСЫНДАЙ МЕМЛЕКЕТТІК МҮДДЕГЕ ҚАРСЫЛАРҒА (министрлік, әкімдік, мекемелер, тб)  қарсы АШЫҚ ХАТ ЖАЗЫП, АКЦИЯ ЖАРИЯЛАЙМЫЗ!  ШИРЕК ҒАСЫРДАН АСТЫ  РЕСЕЙ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕЙТІН РЕСЕЙ ГУБЕРНИЯЛЫҒЫНАН ШЫҚҚАНЫМЫЗҒА! МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛГЕ МИЫ ЖЕТПЕЙТІН, САУАТСЫЗ,   МИНИСТРЛЕР, ДЕПУТАТТАР, ШЕНЕУНІКТЕР, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР сонда ғана  сауатын ашып, әліппені қайта оқи бастайды? Қазыбек ИСА QAZAQUNI.KZ