"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Түсіпбаева: Алагөзова тракторшы мен сиыр туралы фильм түсіре берсін, ұлттық қазынаға тиіспесін

Осыдан біраз уақыт бұрын Меруерт Түсіпбаева Баян Алагөзованың “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” телехикаясын сынға алған болатын. Әдеттегідей Мақсатқызы көп күттірмей өзін сынаған жанға жауап берді. Ол “Түсіпбаеваны киноға түсіруден бас тартқандықтан, маған жала жабуға тырысып отыр. Тіпті, біреудің тапсырмасымен осылай жасаған болуы мүмкін” деп ашық пікір білдірген еді.

Бұдан кейін Түсіпбаева үнсіз қалды. 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына берген сұхбатында ол алғашқы ойынан айнымайтынын мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.

“Мен мемлекеттің еңбек сіңірген қайраткерімін. Құдайға шүкір, елге сіңген еңбегім баршылық. Президентіміздің өзі қол қойған, ол қазір Халық артисі деген атаққа теңестірілген. Ол Баян ба, саян ба, қоян ба, бай ма, кедей ме, танымал ма, танымал емес пе – маған бәрібір. Мен өз пікірімді білдіруге құқылымын”, – деп бастады сөзін Түсіпбаева.

Әнші даудың немен аяқталғанын да айтып берді.

“Солай ғана қалды. Екі хат жазылды. Продюсер ханым оны екі әйелдің ортасындағы кикілжің ретінде шығарғысы келеді. Бірақ мәселе онда емес. Бұл ұлттық мүдде туралы мәселе.

Басты рөлде әкім орынбасарының қызы, кірпікті жабыстырып алған, ол тіпті қазақ тілін дұрыс меңгермеген. Сен Қодарға тұрмысқа шығасың десе телехикаяда: “Өзің ти”, – деп айтады екен. Қазір 21 ғасыр болса да, мен олай деп анама айта алмас едім”, – деп сынға алды әнші.

Бұдан өзге, Түсіпбаева Алагөзованың тағы бір өтірігін әшкереледі. Айтуынша, Баян Мақсатқызы өзі айтқандай қосымша көріністерде бой көрсеткен жастарға ақша бермеген. Ақшаны былай қойғанда, бір ауыз суға зар қылған, дейді ашынған әнші.

“54 миллион теңге – сіз бен біздің салығымыздан жиналған ақша. Оған жауап беруі керек. Ол кісі массовкада үш рет тамақтандырдық, ақша төледік деп айтып жатыр. Бірақ сол массовкадағы жастар маған хат жазды. Ақша түгілі, су да бермеген. Оны қопарса, әңгіме көп. Тағы да айта кетейін, Баян Алагөзова бәлкім тамаша продюсер шығар. Тракторшылар, сиырлар туралы фильм түсіре береді. Бірақ қазақ тілін жетік меңгермеген продюсер біздің ата-бабамыздан қалған ұлттық мүддеміз “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” эпосын түсіруге оның деңгейі жеткен жоқ. Егер мұны екі әйел арасындағы кикілжің деп қабылдасаңыздар, бұл сіздердің сауатсыздықтарыңыз!” – деп кесіп айтты Түсіпбаева.





21 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Адилдик. 13 Ақпан, 2018, 16:11

    Тусипбаева деген Ким ? Турине карасан алпыстан аскан,боянган айел сиякты. Кандай енбек синирген айел ? Ал Баянга ешкандайда енбек синирген деген атак керек емес.Баян Максаткызындай Али кыз туылган жок. Бари кореалмаушылык. Асиресе картайган,суранышы жок егде айелдер ушин.

    Жауап жазу
    • Назерке 13 Ақпан, 2018, 16:39

      Меруерт оте шыншыл адам отирикке жаны кас екени коринип тур адамшылдыгыда бетинде жузинде коринип тур нагыз патриот
      жарайсыз

      Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 13 Ақпан, 2018, 22:13

      Меруерттей болу қайда оғанн ба-ға.Меруерт шындықты айтыпты-ал шындық əрдайым биік.

      Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 14 Ақпан, 2018, 09:19

      Түсіпбаеваны таныпал еңбірінші

      Жауап жазу
  2. Қолқоюсыз 13 Ақпан, 2018, 16:32

    Мерует Түсіпбаева

    Жауап жазу
  3. Гүлтерген 13 Ақпан, 2018, 17:03

    Адилдик деген қонақ. Сіздің Баянның атынан сөйлегенге қарағанда соның адамы екендігің көрініп тұр. Қазақта Баяндай қыз туылған жоқ деп қалай мақтауға аузың барады. Сонда байының көзіне шөп салған қатындарды қорғағың келеді екен, демек сен де сол Баян сияқты боп тұрсың ғой. Ал Меруерт Түсіпбаеваға келсек, актрисалық шеберлігі қандай керемет. Ұлтқа жанашырлығы да көрініп тұр. Оның даусы Баянның жасанды әншілерінің даусынан әлдееее қайда алда! о заманда бұл заман, Қозы-Көрпеш Баян сұлу эпосын бала күнімізден оқып өстік. оның ешқандай жерінде Баян сұлу шешесіне Қодарға өзің ти деп айтқан жері жоқ. Сонда Баян Мақсатқызы осындай, қазіргі заманға лайық өрескел сөздермен елдің назарын киноға аударам деп ойлады ма? Ия, көрініп тұр. біздің көп актерлер, әншілер қара пиар арқылы ғана танылуды армандайды. Өйткені, оларда табиғат берген дарын жоқ!!!

    Жауап жазу
  4. Жұма 13 Ақпан, 2018, 17:09

    Меруертке қосыламын,Баян ол заманды қайдан түсінсін,Баянды ол заманда қәзіргі тірлігі үшін бұтын айырар еді,шариғат заңы бойынша

    Жауап жазу
  5. Doss 13 Ақпан, 2018, 17:54

    Bayan da ,,, Meruert te sau siyrdin bogi emes..

    Жауап жазу
  6. Қанат. Жезқазған. 13 Ақпан, 2018, 18:09

    Du’ris aitasiz!

    Жауап жазу
  7. Самал 13 Ақпан, 2018, 19:44

    Баяндай кыз енді туылмай акта койсын,ондай кыздан Алланың озі сактасын. Куйеуін турмеге жаптырып тук болмагандай калай жур екен. Алладан корыкпайма?
    Куйеуінің козіне шоп салганы ушін бурынгы заманда тас лактырып олтіретін .
    Меруертке келсек шындыгын айттып отыр. Нагыз патриот.

    Жауап жазу
    • Қанат. Жезқазған. 13 Ақпан, 2018, 20:09

      АЛЛАҺ ТАҒАЛА бәрін көріп тұр Баян Есентаева сияқтылар АЛЛАҺТЫҢ​ алдында жауап береді әлі!!!!!!! АЛЛАҺУ ӘКБАР!!!!!!!

      Жауап жазу
  8. БОТАГӨЗ, ҚОСТАНАЙ 13 Ақпан, 2018, 20:06

    МЕРУЕРТ!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

    Жауап жазу
  9. Жандос 13 Ақпан, 2018, 21:44

    Ия, фильм өте нашар шыққан. Ұлттық менталитет әдеп пен мәдениеттен жұрдай. Мұның бәрі»госзакупканың » кесірі ғой.»Қайран елім, қазағым қалың жұртым, ұстарасыз мойныңа түсті ау мұртың»Бұның бәрі жоқшылықтың, рухни кедеиленуіміздің арқамыз.Біз қашан Өзбекістан секілді рухы биік елге айналады екенбіз???

    Жауап жазу
  10. Қолқоюсыз 13 Ақпан, 2018, 21:57

    Баян өз жөнін жөндеп алсын, оңбаған

    Жауап жазу
  11. Қазақ 14 Ақпан, 2018, 00:50

    Мынау Адилдик деген сорлы намысы жоқ біреу екен.Мақтаитын адамды тауыпты.Қазақша сөилеи алмаитын-күиеуінің көзіне шөп салып оны қаматып жəне ұялмаи жүрген əйелді сонша мақтағаны несі.Меруерт дұрыс айтады.Ақшаны қайтаруы керек.

    Жауап жазу
  12. Қолқоюсыз 14 Ақпан, 2018, 21:24

    Баянға сиыр туралы кино түсіруді сеніп тапсыруға болмайды. Өйткені ол сиырда қанша емшек барын біле ме екен?

    Жауап жазу
  13. Қолқоюсыз 14 Ақпан, 2018, 21:47

    Баян қотақбас

    Жауап жазу
  14. Қолқоюсыз 15 Ақпан, 2018, 00:46

    өзің қо….бас !

    Жауап жазу
  15. Жанна 15 Ақпан, 2018, 10:18

    мыналар шаршатты

    Жауап жазу
  16. Қолқоюсыз 17 Ақпан, 2018, 22:15

    Кім болса да ұлттық нақыштан аспау керек қой. Меруерт жарайсың!

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*